Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Елордада. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кеңесшісі - Баспасөз хатшысы Айдос Үкібай әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. Ол тұрғындардан қасақана жалған және екіұшты ақпарат таратпауды сұрады. Сондай-ақ Елбасы бірнеше консультативті кездесулер өткізіп жатыр және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен тікелей байланыста екенін айтты. Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанмен дос мемлекеттердің басшыларымен телефон арқылы сөйлескен. Елбасы қазіргі сын-қатерлерді еңсеріп, еліміздің тұтастығын қамтамасыз ету үшін барлығын Қазақстан Президенті маңына жұмылуға шақырады.
А. Данияр