«Nur Otan» партиясының қолда бар барлық ресурсы зақым келген аймақтарды қалпына келтіруге, зардап шеккен адамдарға көмек көрсетуге жұмсалады. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook парақшасына жазды. Сөзінше, Қазақстан ең үлкен террорлық әрекетке тап болды және Мемлекет басшысы бұл сәтте дұрыс шешім қабылдады. Сонымен бірге, бүлікшілерге қатысты қатаң шара қабылдағанын атап өтті. Партия төрағасының бірінші орынбасары тұрғындарды арандатушылыққа ермеуге шақырды. Сондай-ақ, Бауыржан Байбек қазір партиялықтар халықпен жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. Депутаттар, қоғам белсенділері және еріктілер жергілікті әкімдіктерге көмектесіп жатыр, дейді.
Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Алдағы уақытта қаланы қалыпқа келтіру үшін өте көп жұмыс атқарылуы керек. Сонымен бірге, бүлік кезінде жапа шеккендерге көмек көрсетуіміз қажет. "Nur Otan" партиясы ұйымдасып, көмек қолын көрсететін болады. Бүгін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, Президентіміз Қасым -Жомарт Тоқаевпен тығыз байланыстамыз, сонымен қатар еліміздің қауіпсіздігі мен амандығы маңызды.
А. Данияр