Алматыда бүгін таңертең тағы атыс болды. Ішкі Істер Министрлігінің мәліметінше, алаңды бандалық топтардан тазалау жұмыстары жүргізілуде. Қалаға кіретін және шығатын аймақтарға блокбекеттер қойылған. Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Сағынтаев жедел түрде жиналыс өткізіп, қалада су және жарық үздіксіз берілетінін жеткізді. Азық-түлік тапшылығы жоқ. Құзырлы орындар тұрғындарға көшеге шықпауға кеңес беруде, себебі мегаполисте арнайы операция жүріп жатыр.
А. Дүкембаева