Алматыда тонауға қатысқан содырлар Батыс Қазақстан облысында ұсталды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күдіктілер блокпост бекетінде көліктің жүк салғышын ашып көрсетуден бас тартып, көлікте ешқандай тыйым салынған заттар жоқ деп жалтарған. Алайда құзырлылар бой тасалауға тырысқан азаматтарды ұстап , көліктен қару-жарақтар мен бағалы заттар тәркілеген.
Нұрғожин БОЛАТБЕК, БҚО ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
Автокөлікті тінту барысында полиция қызметкерлері жүксалғыштан көзден жас ағызатын граната, тегіс ұңғымалы мылтық оқтар,түрлі маркадағы елуденастам ұялы телефон, алты планшет жиырма үш смарт сағат, сонымен қатар өзгеде гаджеттер мен аксессуарлар тауып алды. Мұнан бөлек, ұрлыққа қарсы магнит биркалары алынбаған бірнеше сөмке, киім-кешек табылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.