$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Қазақстанда 25 халықаралық рейс тоқтатылды

AstanaTV
08.01.2022ж. 20:00
796
Қазақстанда 25 халықаралық рейс тоқтатылды

Қазақстанда шетелдік авиакомпаниялардың 25 рейсі тоқтатылды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Министрліктің хабарлауынша, бүгін Нұр-Сұлтан қаласынан Дубай, Минск, Калининград бағыты бойынша 6 рейс жоспарланған. Сондай-ақ, Мәскеу, Франкфурт бағыты бойынша 4 рейс тоқтатылды. Ал, Алматы, Ақтау, Түркістан, Шымкент, Қостанай қаласынан Франкфурт, Баку, Дубай, Минск, Стамбул бағыты бойынша 21 рейс тоқтатылды. Айта кетейік, қазір шетелде 7 жарым мыңға жуық отандасымыз жүр. Құзырлы органдар оларды   Қазақстанға жеткізу жұмыстарымен айналысуда.   

А. Дүкембаева