$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Алматы содырлардан толық тазартылғанша тұрғындарды сақ болуға шақырамыз - ІІМ

AstanaTV
09.01.2022ж. 20:00
889
Алматы содырлардан толық тазартылғанша  тұрғындарды сақ болуға шақырамыз - ІІМ

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде  4 жасар бүлдіршінге оқ тиіп қаза тапты. Бұл туралы  балалар омбудсмені Аружан Саин мәлімдеді. Оның айтуынша, оқиға 7 қаңтар күні болған. Қаңғыған оқтан көз жұмған қыз бала көшеде кетіп бара жатқан  көлікте болған. Қалада қазір де арнайы операция жүріп жатыр. Сондықтан тәртіп сақшылары шаһар содырлардан толық босатылғанша тұрғындарды сақ болуға шақырады. Ресми дерек бойынша, Алматыда соңғы тәулікте 852 адам ұсталған.    

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ КОМЕНДАТУРАСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Бүгінгі таңда ҚР президент резиденциясы, қала әкімшілігі, республика алаңы, Думан ықшам ауданы, сонымен қатар "Car city" сауда үйіне шекаралас аумақ, Әуезов және Наурызбай аудандарының аймағы толығымен тазартылған болатын.

Алматыда жағдай біртіндеп қалыпқа келіп жатыр. Базарлар  бүгін штаттық режимде жұмыс істей бастады. Ірі тағам кәсіпорындарының жұмысы да біртіндеп  қалыпқа түсуде. Жанар жағар май бекеттері ашылды. Ал  ертең  қоғамдық көліктер қозғалысы жанданады.  

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ КОМЕНДАТУРАСЫНЫҢ  РЕСМИ ӨКІЛІ:


Қазіргі таңда ахуал тұрақты алматы қаламызда. Десекте сақтық шараларын азаматтарымыз ұмытпағаны жөн. Өйткені лаңкестерге қарсы арнайы операция әлі жалғасу үстінде.

Б. Сатуов