Бүгін- жалпыұлттық аза тұту күні. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған қайғылы оқиғалардың салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты аза тұту күнін белгілеген болатын. Ақордада, мемлекеттік органдар мен жергілікті әкімдіктерде, сондай-ақ шекаралық дипломатиялық мекемелердің ғимаратындағы мемлекеттік ту төмен түсірілді. Ойын-сауықтық шаралар мен осы мазмұндағы телебағдарламалар тоқтатылды. Жалпы елімізде тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері аза тұту күні 11-ші рет жарияланып отыр.
Б. Сатуов