$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Шымкентте соңғы тәулікте 18 жасқа дейінгі 59 баладан коронавирус анықталды

AstanaTV
12.01.2022ж. 20:00
773
Шымкентте соңғы тәулікте 18 жасқа дейінгі 59 баладан коронавирус анықталды

Қызыл аймаққа өткен Шымкент қаласында да эпидахуал күрделі. Мегаполисте соңғы тәулікте   221 адамнан коронавирус анықталды.  Оның 59-ы 18 жасқа дейінгі бала.

Бақытжан ПОЗИЛОВ, ШЫМКЕНТ қ. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы инфекциялық орталықта 107 адам короновирус індетінен емделіп жатыр. Соның ішінде 65 әйеліміз жүкті. Және де реанимация бөлімшесінде 13 адам. Өкінішке орай бірнеше сағат бұрын бір кісі қайтыс болды.


Ал Ақтөбе облысында коронавирус жұқтырғандар саны бір күнде екі есеге көбейді.  Вирус әсіресе, жүкті әйелдер мен балалар арасында тез таралып жатыр.  

Руслан ХАМБАРОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


2021 жылдың соңғы 10 күндігінде 31 жағдай анықталса, жыл басынан бері 237 жағдай тіркелген. Соңғы 10 күн ішінде стационарлық емдегі науқастар жалпы саны 2 есе өсіп, оның ішінде балалар мен жүкті әйелдер саны 12 есеге артты.


Санитар-дәрігерлер аурудың көбеюіне жаңажылдық мерекелік шаралар себеп болды  дейді. Коронавирус жұқтырғандардың бәрінен «дельта» штамы анықталған.  Ақтөбеде 35 адамнан «омикрон» анықталды деген ақпаратты облыстың бас санитар дәрігерінің орынбасары жоққа шығарды.

Мұхтар СЕРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Біздің облыста әзірше табылған жоқ омикрон штамы. Негізінен Алматы мен Астанада анықталып отыр. Дей тұрғанымен, арадағы қарым-қатынас тығыз ғой, күнде ұшақ ұшады, күнде машинамен адамдар жүреді.

Г. Сейтенова