$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Елде болған жағдай онлайн оқудың өзектілігін көрсетті,- Мәжіліс депутаты

AstanaTV
12.01.2022ж. 20:00
952
Елде болған жағдай онлайн оқудың өзектілігін көрсетті,- Мәжіліс депутаты

Елімізде 58 мектепте интернет жоқ. 200-ге жуық білім ошағында жылдамдығы өте төмен. Тіпті қарапайым сайтты іске қосып, интерактивті сервисті жүктеу мүмкін емес. Бүгін Мәжіліс депутаты  Жұлдыз Сүлейменова  бұл мәселеге орай депутаттық сауал жолдады. Оның айтуынша,  қазір білім беруге арналған бес платформа бар.  Олар төтенше жағдай кезінде 3 миллионнан астам оқушыға сапалы білім беруге арналған.  Алайда көп мектепте интернеттің жоқтығынан,  бұл толыққанды жүзеге асып отырған жоқ деді депутат. Бұл ауыл мен қала мектептерінде цифрлық теңсіздікке әкеледі. Сондықтан депутат министрлікке бірнеше ұсыныс жасады.

Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Елде орын алған жағдайға байланысты, дистанционды білім мәселесі тағы да өзекті. Ауыл мектептері және шағын жинақты мектептер үшін интернет сапасына қойылатын талаптар қайта қарастырылсын Цифрлық даму министрлігі және байланыс операторларымен бірлесіп, жаңа бағдарламалық өнімдердің талаптарын ескере отырып, байланыс арналары мен қолда бар жабдықтардың мүмкіндіктерін бағалау қайта қарастырылсын.


Д. Жарқынбек