Бүгіннен бастап, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының бітімгерлері елдеріне қайта бастады. Алматыда олардың алғашқыларын ресми шығарып салу рәсімі өтті. Шара 1 минуттық үнсіздікпен басталды. Рәсімге Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Станислав Зась, Қорғаныс министрінің орынбасары Мұхамеджан Таласов және Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты. Тараптар қиын сәтте жұмыла көрсеткен ерліктері үшін алғыс айтты. Сондай-ақ, Қазақстандық тарап бірқатар бітімгерлерді "Халықаралық ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін" медальдарымен марапаттады.
Мұхамеджан ТАЛАСОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ГЕНЕРАЛ-МАЙОР:
Ұжымдық бітімгершілік күштерінің әскери қызметкерлері террорлық шабуылға қарсы шығу үшін дер кезінде көмекке келді. Олар стратегиялық маңызы бар орындармен басқа да әлеуметтік жерлерді күзетті. Соның нәтижесінде әскерилер бүлікшілерге жылдам төтеп бере алды. Сіздерге министрлік атынан алғыс білдіремін.
Жалпы, бітімгерлер жаппай 23-қаңтарға дейін ел аумағынан шығарылмақ. Жаппай тәртіпсіздік кезінде, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекеттерден Қазақстанға екі мыңнан аса бітімгер, 250 әскери техника келген. Олар Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындағы стратегиялық маңызды нысандарды күзетке алған болатын.
Д. Жарқынбек