$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Елімізде бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы өсті

AstanaTV
13.01.2022ж. 20:00
1004
Елімізде бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы өсті

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде мектеп және колледж педагогтарының, балабақша тәрбиешілерінің жалақысы тағы 25%-ға көбейді. Еңбекақы мұғалімнің  оқу жүктемесіне, білім деңгейіне, біліктілігі мен  жұмыс өтіліне, магистрлік дәрежесіне  байланысты есептеледі. Сондай-ақ, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап  кітапханашылар, бухгалтерлер, зертханашылар мен  білім беру ұйымдарының басқа  қызметкерлерінің еңбекақысы да артады.  Олардың айлығы орта есеппен   20 пайызға көбеймек.

Б. Сатуов