Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Әскери қызметкер мен бүлдіршін қол алысып тұрған фото Шымкентте түсірілген

AstanaTV
14.01.2022ж. 20:00
2861
Әскери қызметкер мен бүлдіршін қол алысып тұрған фото Шымкентте түсірілген

Әскери қызметкер мен бүлдіршіннің қол алысып тұрған жып-жылы бейнесі   әлеуметтік желіде кеңінен тарауда. Көпті елжіреткен фото Шымкентте түсірілген.

Қалалық әкімдік маңын күзетіп тұрған қарулы сарбазға кішкентай балақай құлдыраңдап жүгіріп келіп қолын созады. Оған бей-жай қарамаған әскери қызметкер  сол сәтте қолғабын шешіп, амандасқан. Бүлдіршіннің есімі -Әлихан. Ол 2,5 жаста. Балабақшаға барады. Әкесі Амантай Спаналиевтің айтуынша  ұлы  сол күні онымен көшеге ілесіп шығыпты.

Аманбай СПАНАЛИЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Біз ондай таралып кететін ойламадық енді. Енді осы арада айта кететінім қазақ халқына бұндай оқиғалар Қазақстанда енді қайталанбасын болашақта.  

Ал сәбимен қол алысып, көпшіліктің жүрегін елжіреткен  әскери қызметкердің  аты-жөні -Шахрух Хасанов.  31 жастағы ефрейтор "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығына қарасты № 66 98 әскери бөлімінде келісім шарт негізінде еңбек етеді. Бала күнінен әскери болуды армандаған азаматтың бұл салада қызмет етіп жүргеніне 10 жыл болыпты. Ол Түркістан облысы Төлеби ауданының тумасы. Екі ұлдың әкесі қаңтардың 4-і мен 9-ы аралығында әкімдік аумағында күзетте болған.

Шахрух ХАСАНОВ, № 6698 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ЕФРЕЙТОРЫ:

Ол күнде сол жерде ойнап жүрген бала. Тыныштық болмағаннан кейін үш-төрт күн үйінде отырған. Сөйтіп ол бала жас бала бізді күнде қару-жарақпен бұлай тұрғанымызды көрмегеннен кейін жүрек жұтып адамдар арасынан жүгіріп кеп қолын созғаннан кейін  мен де жүрегім езіліп, жас баланың қолын қайтармай  амандастым.

 
Күшіміз бірлікте ғой біздің. Бірлессек еліміз, Отанымыз тыныш болады. Ол суретті түсірілгенін негізі мен де байқамадым.

А. Төребекқызы