$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Коронавирусты қолдан көбейтіп жатыр": министрлік ақпаратты жоққа шығарды

AstanaTV
14.01.2022ж. 20:00
997
"Коронавирусты қолдан көбейтіп жатыр": министрлік ақпаратты жоққа шығарды

Коронавирусты қолдан көбейтіп жатыр. Зиянды вирусты белгісіз біреулер  тікұшақпен шашып жүр. Әлеуметтік желіде осындай қауесет тарады. Тіпті, шетелдік басылымдардың бірі COVID-19-дың "омикрон" штаммына ұшақтар әдейі шашады деп әуежайдағы фотосуретті салып, мақала дайындаған. Десе де, ақпарат шындыққа жанаспайтын болып шықты. Әуе кемелеріндегі "омикрон" деп жазылған қапшықтарда италиялық құрылыс заттарын шығаратын "Омикрон" компаниясының өнімдері болған. Осыған ұқсас ақпараттар елімізде де тарады. Бұл мәліметтің бәрі жалған, дейді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі.

Ержан БАЙТАНАЕВ, ҚР ДСМ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Құрметті, қазақстандықтар! Сіздерді жалған ақпараттарға сенбеуге шақырамын,  әуе ұшақтары арқылы улы заттар не болмаса қандай да бір вирустар тарату туралы ақпарат жалған  болып саналады. Мұндай тіпті  дүниежүзінде де жоқ.

А. Данияр