$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 1300-ге жуық адам зардап шеккен

AstanaTV
18.01.2022ж. 20:00
2388
Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 1300-ге жуық адам зардап шеккен

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 1300-ге жуық адам зардап шеккен. Оның 209-ы Ұлттық ұланның сарбазы. Көбіне басынан соққы алып, аяқ-қолы сынған әскерилердің қазір 30-ға жуығы ауруханада ем қабылдап жатыр. Шабуылдан оңбай жараланғандардың жайын әріптесім Әсем Лесбек біліп келді.

Бүлік басталған күні Диас Сапаралы да әскерилермен бірге бүлікшілерге тосқауыл болуы үшін алаңға шығады. Лаңкестерді тоқтату үшін Ұлттық ұлан сержанты екі күн бойы үйдің бетін көрмеген. Бір мезетте содырлардың қоршауында қалып, аяусыз соққының астында қалған.  

Диас САПАРАЛЫ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ 5571 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ СЕРЖАНТЫ:
 
Тастар жан-жақтан ұшып жатқан кез ғой. Тура жанымда тұрған тағы да бір солдатқа тиген кезде ол да құлайды. Сол кезде солдатты құтқарамын деп маған тиеді тастар. Үстіме толпа мініп, жан-жақтан темірмен, ағашпен ұра бастады. Бірінші орында басымды жаптым.

Ұлының жанкештілігін әкесі ерлікке балайды. Баласының не өлі не тірі екенінен хабар ала алмаған кезін еске алып, өзін қоярға жер таппағанын айтады.

Әуелбек АРЫНҚҰЛОВ, Д.САПАРАЛЫНЫҢ ӘКЕСІ:
 
Уайымдадық енді әке болған соң уайымдайсың ғой балаңды. Әйелім ол орын таппай. Ақкөңіл, бауырмашыл бауырларына. Сондай бала енді өзі, ешкімді тастамайды, қасындағысын.

Жалпы қанды қырғын кезінде мегаполисте Ұлттық ұланның 209 сарбазы зардап шеккен. Содырлар оларды қолына түскен тас, таяқ, темір сынды ауыр заттармен ұрған.  

Ерсұлтан ӨКСІКБАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ 5571 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ҚАТАРДАҒЫ ЖАУЫНГЕРІ:
 
Жан жағымыздан тастар мен неше түрлі заттар лақтырды. Талпа боп адамдар келіп шабуыл жасады. Қол сынды, бас жарылды.

Марат АЙТБАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ 7552 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Көбіне бас жарақаттарымен келді. Қол-аяғы сынған, қол шыққандармен келді. Сонымен қатар беттен ұрылған жарақттармен келді. Оқ тиген жарақаттар да болды. Қазіргі таңда 23 жараланғандар бар. Жағдайлары қалыпты.

Жаппай тәртіпсіздік салдарынан тұрғындар да жапа шекті. Саясаттанушы Никита Шаталовтың айтуынша бүлікшілер ешкімді аямаған.

Никита ШАТАЛОВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Біз бір отбасының азық-түлік алуға шығып, баласынан айырылғанын білеміз. Содырлар баланы бала деп үлкенді үлкен деп бөлмеген. Оқ жаудырып, жолындағысын жайпаған. Осы орайда құрбан болған азаматтарымызды айтсаңшы. Халық әлі де үреймін өмір сүріп жүр.  


Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Айта кетейік, қазір қаланы күл-қоқыстан тазарту және қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Лаңкестік әрекетке қатысы бар деген 3000-ға жуық күдікті ұсталған. Шаһарда террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі әлі сақталуда.

Ә. Лесбек