Сәуірде Pfizer-дің 1 млн дозасы сатып алынады. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов хабарлады. Pfizer вакцинасы қазіргі таңда 12 жасқа дейінгі балаларға, жүкті және бала емізетін аналар мен 60-тан асқан азаматтарға қолжетімді дейді. Яғни, бұл санаттағы азаматтар аталмыш вакцинамен тегін қамтылмақ. Оның айтуынша, 4 млн дозадан астам Pfizer екпесі сатып алынған. Енді 1 млн дозасын сатып алу жоспарда тұр. Сондай-ақ, Pfizer-мен вакцинасын ақылы негізде алу мүмкін емес екенін жеткізді. Шенеунік бұл туралы шешім қабылданғанын ескертті.
Ералы ТОҒЖАНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Біз бүгін қосымша 60-тан асқан адамдарға Pfizer екпесін тегін алуына мүмкіндік бердік, бұл санаттағылар халық санының 1 млн-нан асады. Сондай-ақ, бізде бұл вакцинадан басқа екпе түрлері қолжетімді екенін ұмытпау керек. Мәселен, Синофарм, Қазвак екпелері бар.
Д. Жарқынбек