Батыс Қазақстан облысында коронавирустың таралуы жүз есе өсті. Бір ай бұрын тек екі-үш адам қауіпті індетті жұқтырса, қазір күніне шамамен 300 адамнан ковид расталуда. Мамандардың айтуынша, коронавирустың бұрынғы штамдарымен салыстырғанда, бұл түрі тез жұғып, жылдам таралып жатыр. Желтоқсан айында науқастардан алынған сынамалардың бәрінен дельта штамы анықталған. Эпидемиологтар "омикроннан" да қауіптеніп отыр.
Нұрлыбек МҰСТАЕВ, БҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Омикрон бізде бар деп те айтуға болады. Жалпы енді әлемдегі болып жатқан жағдайды ескере отырып, біздегі халық та бір орында тұрмай, қалаларға барып келеді, сонымен қатар шетелден де күнделікті азаматтарымыз келіп жатыр. Сондықтан біздің облыста да бар деп айтуға болады. Мұның бірден бір себебі жаңағы аурушаңдық деңгейі бірден жүз есе өскендігінде деп айтуға болады.
Е. Карин