Павлодарда ұзақ жылдар бойы жылуға жарымаған тұрғындар шу шығарды. Айтуларынша, көп қабатты үй салынғалы бері жылынбаған. Халық бұл мәселені айтып, талай табалдырықты тоздырыпты. Бірақ, нәтиже жоқ. Қыс болса пәтерлерінде бүрсең қағатын тұрғындар енді кімнен сөмек сұрарын білмей дал болып отыр. Жұрттың жанайқайын тілішіміз Өзгеріс Қуанар жеткізеді.
Міне, осы батерейді қанша қолыңмен ұстасаң да қолыңды күйдірмейді. Әлсіз. Жай ғана жылы. Міне. Үйге жұмыстан келгеннен кейін осындай міне жылытқыш қосып отырамыз. Сосын жылуға да электр энергияға да төлейміз. Өзім неден тігіп алған мәсі сияқты бар. Сонымен осылай үйде жүреміз.
Сағадат Қаниевтің бұл үйге көшіп келгеніне 10 жылдан асқан. Алайда, қыс болса, осылай күнелтуге мәжбүр. Жылу мардымсыз болғандықтан, үйде қалың киініп жүреді.
Сағадат ҚАНИЕВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Біз шағым жасадық. Бірақ, нәтиже бүгінгі күнге дейін жоқ. Сол қалпы. Акиматқа да шағымдандық коллективный хат жазып. Бүкіл мына үш-төрт үй түгел тұрғындар қолы қойып, акиматқа жібергенбіз.
Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:
Усолка шағын аудандағы бұл үй 1992 жылы салынған. Тұрғындар содан бері жылуға жарымай келеді.
Ольга ВАТРАЧИНА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Бізге тек жылу керек. Балаларымыз жиі ауырады. Суық, тіпті сүйектен өтті. Мәселені шеше алмаған билік өкілдеріне сөзім жоқ. Қыс болса болды тоңамыз. Бармаған жеріміз қалмады. Бізде адамдар секілді жайлы, жылы үйде өмір сүргіміз келеді.
Жылудың мардымсыз екенін пәтер иелерінің бірлестігі де растап отыр.
Марина САМАНБАЕВА, ПӘТЕР ИЕЛЕРІ КООПЕРАТИВІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:
Тұрғындар бізге жиі шағымданады. Барып үйдегі жылу батереясын тексереміз. Әрдайым жай ғана жылы болып тұрады. Үйлердің жылынбағандығы жөнінде сан мәрте тұрғын үй инспекциясына, табиғи монолополияларды реттеу департаментіне жылу орталығына хат жаздық. Бірақ, одан еш нәтиже жоқ. Температура көтерілмейді. Сол қалпы.
Ал жылуға жауапты мекеме бізде кінә жоқ - дейді.
Роман ГЧЕРОНКО, "ПАВЛОДАР ЭНЕРГО" АҚ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:
Ткачев көшесі 11, 13, Бекқожин көшесі 13, 23-ші үйлердің жылынбауына ішкі жылу желілеріндегі ақау себеп. Қазіргі таңда Бектұров көшесі 58 үйдің жылу құбырлары ауыстырылды. Онда жылу құбырының көлемі өте кішкентай болған. Жылу беруші мекеме барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр.
Тұрғындардың шағымы бойынша құзырлы органдар тексеру жүргізген. Нәтижесінде жылудың жеткіліксіз мөлшерде берілгені анықталды.
Татьяна ЦОЙ, ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ КОМИТЕТІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Тексеру қорытындысы бойынша жылу таратушы мекемеге әкімшілік іс қозғалды. Оларға тұрғындарды жылумен толық қамтамасыз етпегені үшін 14 млн. 700 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, тұрғындарға берілмеген жылу үшін қайта есептеу жүргізуге міндеттелді.
Жергілікті билік былтыр Усолка және Саяжай шағын аудандарына жаңа жылу магистраль жүргізген. "Бұл жылу мәселесін түбегейлі шешеді" деп сендірген болатын. Бірақ, ол сенім ақталмады.
Ө. Қуанар