$513 €541.16 ₽4.69
×

"Әскери дәрігерлер екі есе аз жалақы алады",- Е.Смышляева

AstanaTV
19.01.2022ж. 20:00
1022
"Әскери дәрігерлер екі есе аз жалақы алады",- Е.Смышляева

Әскери дәрігерлер екі есе аз жалақы алады. Мұны бүгін Парламентте депутат Екатерина Смышляева көтерді. Оның дерегінше, жыл сайын қарулы күштер саласына 60-70 медицина қызметкері жұмысқа келсе, керісінше 80-90-ы қызметтен кетеді. Осылайша, жауапты салада кадр тұрақсыздығы байқалуда,- дейді. Ал бұған жалақының аздығы да теріс әсер етіп отырғанын айтып, Үкіметке сауал жолдады.

Екатерина СМЫШЛЯЕВА. ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жақында болған оқиғалар, біз үшін жоғары, кәсіби және жан-жақты жабдықталған армияны дереу жұмылдыруға дайын болу - өте маңызды екенін айқын көрсетті. Сондай-ақ, кадр бөлімін мамандармен қамтамасыз ету. 6-7 жыл еңбек өтілі бар әскери дәрігер барлық жәрдемақыларымен қосқанда 200 мың теңгедей ғана жалақы алады. Ал ол кәдімгі дәрігерге қарағанда екі есе аз.  

Ә. Дүкембаева