Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / "Қазақстан халқына" біркүндік жалақыны мәжбүрлі жинау, мүлдем қажетсіз бастама,- Қ.Тоқаев

"Қазақстан халқына" біркүндік жалақыны мәжбүрлі жинау, мүлдем қажетсіз бастама,- Қ.Тоқаев

Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қорына бір күндік жалақыны аударуға қарсы. Ол әсіресе мемлекеттік қызметкерлер мен бюджет саласындағылардың бір күндік жалақысын мәжбүрлі түрде жинау, «мүлдем қажетсіз бастама» деп санайды.  Еске сала кетейік, аталған қор Президент бастамасымен құрылған болатын. Биыл 11-ші қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында айтқан болатын. Қор төрағасы болып Болат Жәмішев бекітілген. "Қазақстан халқына" қорының баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда, қорға 75 заңды тұлға мен ірі кәсіпкерден қаражат түскен. Жалпы соммасы бүгінгі күні 19,2 млрд теңге.  Президент бүгін жиналған қаржы ашық түрде жұмсалатынын ескертті.

Қасым - Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Ол бюджет қоры емес, "Қазақстан халқының" қоры екенін тағы да қайталап айтамын. Сондықтан оның жұмысы ұзақ бюрократиялық рәсімдерсіз атқарылуы тиіс және батыл шешімдер қабылдануы керек. Көмек нақты, шұғыл және атаулы болуға тиіс. Ірі компаниялардың бәрі жыл сайын табыс салығының Үкімет белгілеген бөлігін пайдалы әрі қайырымдылық істермен айналысатын Қорға аударып тұрады. Бизнес-қоғамдастық бұл бастаманы шынайы түрде қолдайды және жобаларды жүзеге асыруда Қорға көмектеседі деп үміттенемін. Мемлекеттік қызметкерлер бір күндік еңбекақысын "Қазақстан халқына" қорына жинай бастағанын көріп отырмын. Бұл мүлдем қажетсіз бастама.


Ә. Дүкембаева