$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"7-20-25" және "Баспана хит" ипотекасын төлеу мерзімі үш айға ұзартылды

AstanaTV
24.01.2022ж. 20:00
1093
"7-20-25" және "Баспана хит" ипотекасын төлеу мерзімі үш айға ұзартылды

"7-20-25" және "Баспана хит" ипотекасын төлеу мерзімі үш айға ұзартылды. Банктер төлемдерді 5-сәуірге дейін қалдыруды ұсынды. Яғни бұл уақытта борышкерлерге ешқандай айыппұл мен өсімпұл болмайды. "Қазақстанның орнықтылық қоры" басқармасының баспасөз қызметінің ақпаратынша, төлемді кейінгі қалдыру қарыз алушының несие тарихына әсері етпейді. Бұл тек төтенше жағдай кезінде зардап шеккен азаматтарға берілген жеңілдік.  

"ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ" АҚ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Төлемді кейінге қалдыру мүмкіндігін алу үшін банкке өтініш білдіру керек. Сондай-ақ, қаржылық жағдайының нашарлағанын растайтын құжаттарды өткізу шарт. Өтінішті электронды поштаның, "банк-клиент" онлайн-жүйесінің, интернет-ресурстың, мобильді қосымшаның, басқа да байланыс құралдарының көмегімен немесе қарыз алушы банк бөлімшесіне келуі арқылы бере алады.


А. Данияр