«Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының Саяси кеңесі отырысы өтті. Жиында 28 қаңтарда өтетін съезге «Nur Otan» партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалынан 27 делегат сайлау туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, отырыс барысында «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы, Елорда әкімі Алтай Көлгінов көшбасшы партияның алдағы жоспарлары туралы айтты. «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламаны орындау бойынша Жол картасын іске асыру, сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмалары туралы баяндады.
Б. Сатуов