$488.53 €531.91 ₽5.68
×

"Nur Otan" партиясының кезектен тыс съезіне ШҚО 31 делегат қатысады

AstanaTV
25.01.2022ж. 20:00
1272
"Nur Otan" партиясының кезектен тыс съезіне ШҚО 31 делегат қатысады

"Nur Otan" партиясының кезектен тыс съезіне партияның Шығыс Қазақстан облыстық филиалынан 31 делегат қатысады. Олардың арасында мұғалімдер, дәрігерлер, аграршылар мен шағын және орта бизнес өкілдері бар. Тізім саяси кеңестің отырысында бекітілді. Сондай-ақ, жиында өңір басшысы Даниал Ахметов партиялықтарды жаппай тәртіпсіздік кезінде көрсеткен көмектері үшін алғыс білдірді.  Қиын сәтте партияның аймақтағы мүшелері түсіндіру үшін  жедел желіні іске қосқан. Сонымен қатар, олар тұрғындармен кездесіп, әскери қызметкерлерге ыстық тамақ таратқан. Кездесу барысында саяси кеңес мүшелері ел Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11-қаңтарда айтқан тапсырмаларын бірлесе атқару міндеті тұрғанын атап өтті.

Даниал АХМЕТОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Біздің басты міндетіміз-Отанымыздың бірлігін сақтау, экономикамыз бен ұлтаралық келісіміміздің нығаюы үшін жаңа мүмкіндіктер жасау. Қазақстан халықтарының достығы біздің қоғамымыздың дамуы үшін басты тірек болып табылады. Бізде саяси ерік-жігер, іс-қимыл бағдарламасы, халықты қолдау, ең бастысы, елдің одан әрі дамуының ниеті, ұмтылысы және нақты бағдарламасы бар.


Д. Жарқынбек