$488.53 €531.91 ₽5.68
×

Елімізде ҰБТ басталды

AstanaTV
25.01.2022ж. 20:00
784
Елімізде ҰБТ басталды

Елімізде ұлттық  бірыңғай тестілеу басталды. Оған қатысу үшін 104 мыңға жуық өтінім түскен.  Тестілеу 22 ақпанға дейін жалғасады. Бұл туралы Білім және Ғылым Министрлігі хабарлады. Осыған дейін  Ұлттық Бірыңғай Тестілеуді 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өткізу жоспарланған болатын. Алайда, елде төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты сынақ мерзімі кейінге шегерілді. Қажеттілігіне қарай  қосымша күндер енгізілді. Биыл министрлік талапкерлерге қолайлы жағдай жасап отыр. Мысалы, ерекше білім беру қажеттіліктері бар түлектерге  биыл 240 минуттан бөлек қосымша 40 минут беріледі. Сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар талапкерлерге арналған тапсырмалардың мазмұнына да өзгерістер енгізілді. Олар үшін суретсіз, сызбаларсыз және диаграммаларсыз тест нұсқалары жасалды дейді Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының директоры.

Ә. Дүкембаева