Атырау облысы Құлсары қаласының тұрғыны Айгүл Бисембаева 52 жасында ана атанды. Оған перинаталдық орталықта 19 қаңтар күні ота жасалған. Бақытты ана тұңғышын құшағына алып, үйіне шықты. Сәбиге ата-анасы шаңыраққа енген нұр деп, «Нұркелді» есімін беріпті. Нәрестенің әкесі - 63 жаста. Ерлі-зайыптылар 2020 жылы отбасын құрған. Сәбиді аңсаған жұп экстракорпоральды ұрықтандыру әдісіне жүгінген. Кез-келген жаста сәби сүюге болады екен, тек үмітті үзбеу керек,- дейді қуаныштан жүзі бал-бұл жанған ана.
Айгүл БИСЕМБАЕВА, АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Бір жыл тұрдық. Екінші жыл көтердім. ЭКО арқылы көтердім. Мен сияқты көтере алмай жүрген. Үміттеніп жүрген. Үміттерін үзбесін деймін. Қай әйел де бақытты болуға лайықты. Бақытты болсын бәрі де. Қуаныштымын, бәріне рахметімді айтқым келеді.
Б. Надірқызы