$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«ӨКМ Операторы» ЖШС басшысы мен ҚР Экология вице-министрі қамауға алынды

AstanaTV
26.01.2022ж. 20:00
1111
«ӨКМ Операторы» ЖШС басшысы мен ҚР Экология вице-министрі қамауға алынды

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "РОП операторы"-ның   басшысы  Медет Құмарғалиев ұсталды. Мұны  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады. Олар сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деген күдікке ілінген.  Қазір екеуі де Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сондай-ақ бүгін "РОП операторы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің топ менеджері Руслан Шәмшиевтің   мәйіті табылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті хабарлады. Ол өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Ер адамның мүрдесінің табылу фактісі бойынша «Есіл» аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабымен қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеудің толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Б. Сатуов