Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Таразда жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлінген ғимаратты тазартып жатқан жұмысшы қолынан айырылды

AstanaTV
26.01.2022ж. 20:00
1196
Таразда жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлінген ғимаратты тазартып жатқан жұмысшы қолынан айырылды

Таразда жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлінген полиция департаменті ғимаратын тазартып жатқан  жұмысшы  қолынан айрылды. Ол қоқыстарды жинап жүріп,  жарық-шулы граната тауып алған.   Оқ-дәрі жігіттің   саусақтарын жұлып түсірген. Жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлікшілер бұл ғимаратқа басып кіріп, қиратып, ақырында өртеп жіберген болатын. Бүлінген аумақты қалыпқа келтіруге қаланың мердігерлері жұмылдырылып, жұмысшылар жалданып еңбек еткен. Жараланған 26 жастағы азамат бірден ауруханаға жеткізілді.  Алайда, дәрігерлер оның оң қолын білектен төмен   кесуге мәжбүр болған.  Ал полиция департаментінің өкілдері, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларын барынша сақтау қажеттігі ескертілген дейді.

Гүлсара МҰХТАРҚҰЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Жұмысшыларға күдік тудыратын заттарды көрген жағдайда кезекші полиция қызметкерлеріне хабарлау туралы ескертіліп айтылған болатын. Аталмыш факт бойынша ҚР ҚК 156 бабы, 2ші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Б. Жұмабайұлы