Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / 4 пайыздық автонесие бағдарламасы қайта жандануы мүмкін

4 пайыздық автонесие бағдарламасы қайта жандануы мүмкін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 4 пайыздық автонесие бағдарламасын қайта жандандыруды ұсынып отыр. Бұл туралы вице-министр Марат Қарабаев  мәлімдеді. Оның айтуынша, бұған дейін,  4 пайыздық бағдарламаға қатысу үшін 20 пайыз өз қаражат салу керек болса, енді ол алғашқы жарнаны алып тастау мәселесі қарастырылып жатыр.  Сонда   кез-келген  адам  авто салонға келіп көлік таңдайды да, бір де бір теңге төлеместен, 4 пайызға автонесие алады дейді вице-министр.Бұл туралы ресми ақпарат апта аяғында жарияланбақ.  

Ә. Дүкембаева