$487.37 €532.94 ₽5.09
×

Қызылордада бір айда 172 бала коронавирус жұқтырған

AstanaTV
27.01.2022ж. 20:00
1097
Қызылордада бір айда 172 бала коронавирус жұқтырған

Қызылордада бір айда 172 бала коронавирус инфекциясын жұқтырған.  Оның 35 пайызы- мектеп оқушысы. Індет сондай-ақ жүкті әйелдер арасында өршіп тұр.  Короновирус жұқтырған 254 әйел тіркелген. Оның 62-сі стационарлық ем алуда. Қалғаны учаскелік дәрігерлердің қатаң бақылауында.   Дәрігерлер әсіресе, жаңа туған нәрестелердің өміріне алаңдап отыр. Анасынан қауіпті індетті жұқтырған 27 шақалақ қазір ем қабылдап жатыр, оның төртеуінің жағдайы өте ауыр   дейді ақ халаттылар.  

Мая МИРЗАНОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Короновирустық инфекция жұқтырған әйелдерден туылған балалардың жағдайы өте ауыр және ол өлімге дейін әкеліп соғуы мүмкін. Балаларда құрсақішілік пневманияның дамуына әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан қараша айынан бастап елімізде «Файзер» вакцинасы салынып жатыр.


М. Тоқтасынқызы