Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Туысынан айрылған оралдықтар тергеу нәтижесімен келіспейді

AstanaTV
27.01.2022ж. 20:00
1397
Туысынан айрылған оралдықтар тергеу нәтижесімен келіспейді

Бопсалаушылардың құрбаны болды. Былтыр қапыда қаза тапқан оралдық Серік Мұхамбетьяровтың туыстары тергеу нәтижесімен келіспей отыр. Бүгінгі сот отырысында олар бұл іске бірнеше адамның қатысы барын жеткізді. Бірақ тергеу кезінде барлық жауапкершілікті олардың біреуі ғана мойнына алған. Ал қалғандары куәгер ретінде жауап алынғанын түсінбейтіндерін жеткізді. Туыстарының айтуынша, Серік Мұхамбетьяров жеке шаруа қожалығын ашқан. Осыдан кейін ауыл жігіттері одан қой беруін қайта-қайта талап етеді. Бірақ жігіт ағасы бұған көнбеген соң, түн ішінде үйінен алып кетіпті. Ертесіне он шақты рет пышақталған Серікті ауруханаға апарған деп отыр. Енді туыстары бұл іске байланысты қозғалған қылмыстық баптың өзгертілуін талап етуде.  

Нұрия МУРЗАЛИЕВА, МАРҚҰМНЫҢ ЖҰБАЙЫ:

Төрт адамнан қой сұрайды: Сен екі қой бересің, сен екі қой бересің,сен екі қой бересің, менің жолдасыма да екі қой бересің деген. Соның біріншісі жазда белгісіз себептермен өз-өзіне қол жұмсап, екі күн қорада асылып тұрған жаздыгүні. Мүрдесі бұзылып кеткесін, экспертиза ештеме жасамай, өзіне-өзі қол жұмсады деп жылы жауып тастады. Онда да осы балалар қой сұрап жүрген. Екіншісі - менің жолдасым.


Айғаным ҚАРТЖАНОВА, МАРҚҰМНЫҢ ТУЫСЫ:

Жаңағы Мауешов деген 86 жылғы бала, кішкентай бойлы, нарик  деп айтып жатыр ауылдағылар. Бірақ ол жалғыз адамның қолынан келмейді. Неге десеңіз, 10-12 рет пышақтаған, ол аздай қылғындырған. Чисто физически ол жалғыз кісіге болмайтын адам. Өмір бойы қара жұмыста жүрген кісі.

Е. Карин