Онлайн казинолар көбейіп кетті. Олардың жұмысын тоқтатып, құмар ойындарды насихаттайтын сайттарды шектеу керек. Қоғам белсенділері осындай бастама көтеруде. Олар мәселе бүгінгі қоғамда өзекті деп санайды. Жыл сайын елімізде 350 мың адам құмар ойындарының құрбанына айналатын көрінеді. Әріптесім Әсел Дүкембаева толықтырады.
Елордалық Нұрислам бір кезде құмар ойынның соңынан кетіп, қолындағы барынан айрылғандардың бірі. Дерт екенін білген соң, тіпті басқа қалаға қоныс аударыпты. Ондағы ойы ойынқұмарлықтан арулы болған еді дейді. Бірақ, бұл дерттен айығу, ол ойлағанадай оңай болмай шыққан. Тіпті қарызға белшеден батқан күндер болды деп еске алады.
Нұрислам ӘЛІПБАЙҰЛЫ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Бастапқыда қызуғышылық болды, барлығы ойнайды, маған да болады ғой деген сияқты. Потихоньку уже ақша ұрлай бастадым, қарыз көбейе бастады. Барлығын ұтылғаннан кейін, басқа қалаға қашып кеттім. Отбасы құндылықтарынан айырылдым, өмірге деген көзқарас өзгерді, бала-шаға, ата-анамен сөйлесуде қызық болмай қалды.
Ол бұл аурудың нашақорлықтан айырмашылығы шамалы екенін айтады. Дегенмен мақсатынан бас тартпаған Нұрислам, бүгінде бойындағы дертті жеңіп, қазір өзі сияқты ойынқұмарлықтан арылғысы келетіндерге көмек көрсетіп жүр.
Әсел ДҮКЕМБАЕВА, ТІЛШІ:
Қазіргі таңда құмар ойынының қызығына басымен кіріп кетіп жатқандардың есебін кім шығарыпты? Десек те, қолда бар деректерге сенсек, елордамыздың өзінде бір ғана орталықта жылына 700-ге жуық адам ем қабылдайтын көрінеді. Оның 20 проценті екінші рет келіп көмекке жүгінетін көрінеді.
Психолог маманның айтуынша, құмарлықтың шегі болмайды. Адам саналы түрде өзін тежемейінше, тоқтамы жоқ дейді. Ал, құмарлықтың ең қауіптісі бұл - жеңіс деп отыр. Ақша табудың оңай жолын іздегендер десек қателескеніміз, олар тек жанның рахаты үшін ойнайтындар деп санайды.
Ержан МЫРЗАБАЕВ, ОТБАСЫЛЫҚ ПСИХОЛОГ:
Азартта ең қауіптісі, ең жаманы бәсте жеңу. Бір рет жеңген адам, 100 рет жеңілген адам мен бәрібір түбінде жеңемін жалған үмітпен ойнай береді. Ақша табудың жолымен баратындар сирек, көбіне ақшасы барлар барады. Мысалы, казиноға барғанда қалтаңызда 2000-5000 мың доллар болмаса кіргізбейді казиноға.
Бүгінде онлайн казинолардың құрбаны еселенуде. Қоғам белсендісі қайрат Құдайберген осыған алаңдаулы. Ол құмар ойындарға түбегейлі шектеу қоюды талап етеді. Мәселені әлеуметтік желіде көтеріп, онлайн казино, бинго сияқты сайттық платформалардың жұмысын сынады.
Қайрат ҚҰДАЙБЕРГЕН, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:
Ойынқұмарлық, игромания жанұя институтында құртады. Қаншама адамдар ажырасып жатыр. Қаншама адамдар қазір қарызға батып, біреудің өмірімен ойнап жатқан ойынқұмарлардың казинолардың, бинголардың қалтасын толтырып жатыр. Біз букмекерлер, онлайн казино, және бинго деген сиятқтылардың көзін құрту керекпіз.
Жалпы, бізде құмар ойындарға баратындардың статистикасы жүргізілмейді. 2019-шы жылғы деректердің бірінде жылына 350 мың адам осының құрбанына айналатыны жарияланған. Осыдан-ақ, оның зардабын саралауға болады.
Ә. Дүкембаева