$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қостанайда жаңа жыл қарсаңында кесілген 10 мыңға жуық шырша сатылмай қалған

AstanaTV
27.01.2022ж. 20:00
1180
Қостанайда жаңа жыл қарсаңында кесілген 10 мыңға жуық шырша сатылмай қалған

Қостанайда жаңа жыл қарсаңында кесілген 10 мыңға жуық шырша сатылмай қалған.  Экобелсенділер енді олардың қоқыста шашылып жатқанын айтады. Оған қоса тұрғындардың шығарып тастағандары бар. Өңірге  қалың қылқанжапырақты ағаш Ресейден жеткізіледі. Биыл сұраныс тым төмен болғандықтан шыршаның басым бөлігі қоқыс алаңдарына тасталған. Табиғат жанашырлары шашылған шыршаларды  жинап, кәдеге жаратуға тырысуда.  Қайта өңдеп,  бағбандарға тыңайтқыш ретінде тегін таратылмақ.

Наурызбек БІРМАҒАМБЕТОВ, ЭКОБЕЛСЕНДІ:

Шыршаларды жинап полиғонға жеткіземіз. Сол жерде ұсақталып, қайта өңделеді. Бағбандарға үлестіріп береміз.

Жасыл шырша тұрмыстық  қалдыққа жатпайды.Сондықтан оны жинау коммуналдық  мекеме міндетіне кірмейді. Дегенмен,  қаладағы  тазалық серіктестігі де  игі іске атсалысып  жатыр.Эко шара барысында мың бес жүзге жуық шырша жиналып, кәсіпорын аумағына жеткізілген.

Светлана МАКЕДОНСКАЯ, ЖШС ШЕБЕРІ:

Бұл біздің міндетімізге кірмейді. Бірақ қаланың тазалығын  сақтау керек . Сондықтан кәсіпорын басшылығының бастамасымен осы игі шараға қатысып жатырмыз. Шыршаларды жинауға көлік жағынан және оны қайта өңдеуге көмектесеміз.

З. Санай