«Nur Otan» партиясының саяси кеңесі, кезектен тыс өтетін XXI Съездің күн тәртібін бекітті. Бұл туралы партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-дегі парақшасында хабарлады. Алқалы жиында делегаттар, партия Төрағасын сайлап, Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар, сонымен қатар саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізуді көздеп отыр. Айта кетейік, «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI Съезі 28- қаңтарда, яғни ертең онлайн форматта өтеді.
Ә. Дүкембаева