Бүгін Қазақстандық олимпиадашылар Бейжіңдегі қысқы ойындарға ұшып кетті. Команданың негізгі бөлігі Нұр-Сұлтан мен Алматы арқылы Қытайға ұшады. Бұл туралы ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ал шетелдерде жиында жүрген спортшылар Бейжіңге жеке график бойынша барады. Бүгін сондай-ақ, Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми парақшасында байрақты бәсекеде ту ұстайтын спортшылардың костюмдеріне арналған ролик жарияланды. Қазақстан ұлттық құрамасының көк байрағын шорт-трекші Абзал Әжіғалиев пен конькиші Екатерина Айдова алып шығады. Еске сала кетейік, қысқы Олимпиада ойындары 4 ақпанда басталады. XXIV Қысқы Олимпиадаға қатысатын Қазақстан құрамасында 87 жолдама иеленген 34 спортшы бар. Олар 8 спорт түрі бойынша сынға түседі.
Ә. Дүкембаева