$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Қазақстандық спортшылар қысқы Олимпиадаға аттанды

AstanaTV
27.01.2022ж. 20:00
1424
Қазақстандық спортшылар қысқы Олимпиадаға аттанды

Бүгін Қазақстандық олимпиадашылар Бейжіңдегі қысқы ойындарға ұшып кетті. Команданың негізгі бөлігі Нұр-Сұлтан мен Алматы арқылы   Қытайға ұшады. Бұл туралы ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ал шетелдерде жиында жүрген спортшылар Бейжіңге жеке график бойынша   барады. Бүгін сондай-ақ,  Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми парақшасында байрақты бәсекеде  ту ұстайтын спортшылардың костюмдеріне арналған ролик жарияланды. Қазақстан ұлттық құрамасының көк байрағын шорт-трекші Абзал Әжіғалиев пен конькиші Екатерина Айдова алып шығады. Еске сала кетейік,  қысқы Олимпиада ойындары 4 ақпанда басталады. XXIV Қысқы Олимпиадаға қатысатын Қазақстан құрамасында 87 жолдама иеленген 34 спортшы бар. Олар 8 спорт түрі бойынша сынға түседі.  

Ә. Дүкембаева