$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қытаймен шекарада 12 мыңнан астам көлік кезекте тұр

AstanaTV
28.01.2022ж. 20:00
1666
Қытаймен шекарада 12 мыңнан астам көлік кезекте тұр

Қазақастан мен Қытай  шекарасында 12 жарым мыңнан астам автокөлік қаңтарылып тұр. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

 Мәселе "Қорғас" арнайы экономикалық аймағындағы Нұр жолы, Алтынкөл және құрғақ порттың автомобиль өткізу бекеттерінде туындаған. Көлік компанияларының өкілдері мұны Алматыда болған  оқиғалар ушықтырып жібергенін мәлімдеді.  Аударымдар мен төлемдер кешіктірілуде.  Ал қаржы министрлігінің мәліметінше,    шекарадағы жұмыс тәртібі түбегейлі қайта қаралып, кез -келген заңсыз  әрекет  тоқтатылады.  Бір күндік фирмалар, жалған декларациялау фактілері және кеден заңнамасын басқа да заң бұзушылықтар қазір тексеріліп жатыр.

Ерұлан ЖАМАУБАЕВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:

Кедендік статистикадағы алшақтық деңгейі мемлекет пен бизнестің үйлесімді жұмысының қорытынды индикаторы болады. Кеденнің қызметі ашық болуы керек және ең бастысы бюджетке түсетін түсімдердің толықтығын қамтамасыз етуі тиіс.

Б. Сатуов