Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Атырау облысының тұрғыны танысын бауыздап тастаған

AstanaTV
28.01.2022ж. 20:00
2394
Атырау облысының тұрғыны танысын бауыздап тастаған

Атырау облысының тұрғыны танысын малша бауыздап тастаған. Қанды қылмыс Жылыой ауданына қарасты  Қарамола қыстағында болды.

Құлсары қаласының 38 жастағы тұрғыны   мал іздеп шығады. Қыстақтардың біріне барып, малшы және оның  көмекшісі  үшеуі ішімдік ішкен.  Отырыстың соңы жанжалға ұласып,  мал іздеуші 60 жастағы малшының аяқ-қолын байлап,  бауыздапты. Мұнымен де қоймай, марқұмның денесін  көлігімен айдалаға апарып,  лақтырып тастаған. Күдіктіні полиция көлігі  қарға батып жатқан жерде ұстады. Тәртіп сақшыларына малшының көмекшісі хабар беріпті.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТҚЫЗЫ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

1983 жылы туған күдікті қылмыс болған күні Қылмыстық Процестік Кодекстің 128 бабына сәйкес Жылыой аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына ұсталып қамалды. Қазіргі таңда аталған қылмысқа қатысты қылмыстық кодекстің 99 бабы 2 бөлігі, 3,5 тармақтарына сәйкес, тергеу амалдары басталып кетті. қайтыс болған азамат 1961 жылы туылған, Исатай ауданының тұрғыны
.

Б. Надірқызы