Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Түркістан облысының тұрғыны 25 жылдан соң табылды

AstanaTV
28.01.2022ж. 20:00
1575
Түркістан облысының тұрғыны 25 жылдан соң табылды

Түркістан облысында тағдыр тәлкегімен аралары ажырап кеткен бауырлар 25 жылдан соң қауышты.  Ағайындылар кенжелерін 4 жасында жоғалтып алған. Қуаныш сыйлаған аймақ полицейлеріне олардың алғысы шексіз. Ширек ғасыр күткен кездесу жайлы, әріптесім Айзада Төребекқызы жалғастырады.  

Тым ұзақ күткен кездесу  - бұл. Түркістан облысы Сауран ауданының тұрғыны Ботакөз Толыбаеваның өшкені жанып, өлгені тірілгендей.. 25 жыл бұрын көз жазып қалған інісін полицейлер тауып берді. Ағайынды екі ұл бір қыз ата-анадан жастай қалып, Ботагөздің 9 жастағы ағасы мен 4 жастағы інісін туыстары ширек ғасыр бұрын балалар үйіне өткізген екен.

Ботагөз ТОЛЫБАЕВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жүрегім тіпті толқып қуанып інімнің табылғанына..қуанып отырмын өзім шынымды айтсам..рақмет. Табылғанына шүкір...+Інім 4 жаста кеткен. Ол кезде онша сөйлей алмайды, шамалы сақаулау тұғын. Сол төрт жаста детдомға өткізді. Темірланға өткізгем деді ,әкемнің інісі өткізген. Одан кейін ол жаққа іздеп бардық. Ол жақта «біреу асырап алды деді, бірақ оның адресі жоқ»,- деді.  Архивтен тауып бере алмады бізге.

Ботагөз інісін көп іздегенін айтады. Бірақ полиция көмегіне жүгінбепті. Соңғы екі жылда полицияға да жүгінген. 29 жастағы інісін   Төлеби ауданындағы жеке шаруашылықтардан тәртіп сақшылары тауып берген. Жергілікті тұрғынның бірі құқық қорғаушыларға, жас жігіттің тұтқында жүргенін хабарлапты.

Сұлтанбек ҮСІПБЕКОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Қазіргі таңда азаматқа жәбірленушіге қатысты арызы бойынша 126 баппен тергеп тексеру амалдары жүргізілді әрекеттері. Сот медициналық сараптамалар, тағы да бірнеше сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижесінде заңды шешім қабылданады.    

Полицияның дерегінше, бауырларынан бала күнінде ажырап қалған жігіт ата-анасының қайтыс болғанын, өзінің бірге туғандары бар екенін бейхабар екенін айтқан. Балалар үйінен соң арнайы интернатта тәрбиеленген. Ес білгелі аудан ауылдарда қоныс аударып, әркімге жалданып жұмыс істеп келген көрінеді. Қазір бұл істі қолға алған облыс полицейлері «Заңсыз бас бостандығынан айыру» бабы бойынша тергеп тексеру жұмыстарын бастап кетті.
 
А. Төребекқызы