Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Шаруалар жемнің бағасын 50 тг түсіруді талап етіп, үндеу жолдады

AstanaTV
28.01.2022ж. 20:00
1684
Шаруалар жемнің бағасын 50 тг түсіруді талап етіп, үндеу жолдады

Шаруалар жем бағасын 50 теңгеге түсіруді талап етуде. Қойшылар қауымдастығының сарапшысы Алмасбек Садырбаев әлеуметтік желіде  үндеу жариялады. Ол елде жем-шөп бағасының  қымбат екенін айтып, Мемлекет басышысынан көмек сұрады. Сарапшының айтуынша,   Маңғыстау өңірінде малдың 70 пайызы қырылып қалған. Елдің Оңтүстігінде жемнің құны 100 теңгеден асты дейді. Сондықтан шаруалар жем-шөпті несиеге алуға мәжбүр боп отырғандарын айтады. Ал көрші Ресей мен Өзбекстанда  кебектің бағасы 50 теңгеден аспайтынын мысалға келтіреді.

Алмасбек САДЫРБАЕВ, ҰЛТТЫҚ МАЛ ӨСІРУШІЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:


Елдегі фермерлер несиеге кіріп, тапқан қаражатына жем алып жатыр. Малдың барлығы қолға қарады. Бүгінгі күнде Маңғыстаудың жерінде 70 пайыз малдың шығыны болды. Өлетіні өлді, сонымен 30 пайыз ғана мал қалды. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, үкіметке тапсырма беріп, қазақ шаруаларының осы мәселесін шешіп берсеңіз. Қай жақтан алып келсе де, бізге 50 теңгеден жасап беріңіздер. Қалған малымызды аман алып қалайық.

Д. Жарқынбек