$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қаржы ұйымынан 26 млн теңге жымқырған елордалық екі тұрғын ұсталды

AstanaTV
28.01.2022ж. 20:00
998
Қаржы ұйымынан 26 млн теңге жымқырған елордалық екі тұрғын ұсталды

Елордалық екі тұрғын Қостанайдағы шағын қаржы ұйымынан 26 миллион теңге жымқырған.Қомақты қаражатқа қол жеткізу үшін күдіктілер әр түрлі адамның атына несие рәсімдепті. Алаяқтық әрекетті  әуелі қаржы ұйымының ішкі қауіпсіздік қызметкерлері анықтаған. Тергеу барысында Нұр-Сұлтан қаласының қос тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Олар «Алаяқтық» бабымен  айыпталып  отыр. Бұл бап бойынша бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.   

Зәуре ЕДІКОВА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Былтыр желтоқсанның жиырма үші күні Қостанай қалалық нөмірі екінші сотына Нұр-Сұлтан қаласының екі тұрғынына қатысты қылмысты іс түсті.Күдіктілерге аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып  тағылған.Аталған қылмыстық іс қаралып жатыр.


З. Санай