Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

"Көк" және "жасыл" статустағыларға енді шектеу жоқ

AstanaTV
28.01.2022ж. 20:00
1073
"Көк" және "жасыл" статустағыларға енді шектеу жоқ

"Көк" және "жасыл" статустағыларға  енді шектеу жоқ. Бұл туралы мемлекеттік бас санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді. Жаңа қаулыға сәйкес, "Ashyq" жобасына қатысатын нысандардың жұмысы   шектеусіз жүргізіледі.  Сондай-ақ,  "жасыл" мәртебесіндегілер үшін дүкеннен бастап барлық нысананың есігі   ашық. Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша  Түркістан облысы «жасыл аймаққа» өтті.   Өзге өңірлер аса қауіпті «қызыл аймақта» қалып отыр. Соңғы 24 сағатта елімізде 12 мыңнан астам науқас тіркелді. Вирустың таралу көрсеткіші үш аймақта жоғары.

Ә. Дүкембаева