Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Оқушылар арасында коронавируспен қатар, тұмау белең алып барады

AstanaTV
01.02.2022ж. 20:00
1360
Оқушылар арасында коронавируспен қатар, тұмау белең алып барады

Соңғы аптада балалар арасында COVID-19-ға шалдығу дерегі бір жарым есеге өскен. Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, оқу жылы басталғалы 43 мыңнан астам мектеп оқушысынан індет анықталыпты. Әсіресе, аурушаңдықтың жоғары қарқыны Түркістан, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында байқалады. Елдің бас дәрігері Ажар Ғиният жастар арасында «омикрон» штаммының тез таралуын сабақтың дәстүрлі форматқа көшуімен байланыстырады. Сондықтан, барлық өңір әкімдеріне санитарлық талаптарды күшейту керегін айтты. Сондай-ақ республика бойынша тұмау мен жіті респираторлық вирустық инфекцияда өршіп тұр, дейді.

Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

2019 жылғы эпидемиологиялық маусыммен салыстырғанда сырқаттану 1,2 есеге өсті, соңғы аптада сырқаттанудың жоғары деңгейі сақталып, балалар арасында 13%-ға да өсіп отыр. Оффлайн оқыту жағдайындағы балалардың КВИ және ЖРВИ-мен сырқаттанушылық жоғары қаупі сақталады.

Жалпы, елде эпид. жағдайы әлі күрделі. Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі екі жарым есе өсті. Ең көп дерек Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында тіркелген.  Ахуалды бағалау матрицасының "қызыл" аймағында 14 облыс орналасқан. "Сары" белдеуде Қызылорда облысы мен Шымкент қаласы. Ал "Жасылда" -тек Түркістан.

Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Коронавирустың инфекциямен ауырған 152 мыңға жуық пациент, оның ішінде 93% амбулаториялық, 7% стационарлық деңгейде емдеуді жалғастыруда. Соңғы екі аптада инфекциялық төсектердің қамтылуы 31-ден 38%-ға дейін 1,2 есеге, реанимациялық төсектерді қамту 17-ден 23%-ға дейін 1,3 есеге ұлғайды.

А. Данияр