$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Парламент жерді жалға беруді және сатуды тоқтатуға байланысты заң жобасын мақұлдады

AstanaTV
23.06.2016ж. 20:00
1735
Парламент жерді жалға беруді және сатуды тоқтатуға байланысты заң жобасын мақұлдады

Сенат депутаттары жерді жалға беруді және сатуды тоқтатуға байланысты заң жобасын мақұлдады. Құжатты әзірлеуге Президенттің жерге қатысты енгізген мораторийі себеп болған. Онда шетелдіктерге, азаматтығы жоқтарға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді уақытша жер пайдалану құқығын беруге тыйым салынды. Сондай-ақ Қазақстан азаматтарына және заңды тұлғаларына мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді сатуға рұқсат жоқ.

Мораторий жыл соңына дейін жалғасады. Әзірге кодексті қайта қарайтын комиссия жұмыс істеп жатыр. Ауыл шаруашылығы вице-министрі жерді шетелдіктеге жалға беру туралы өз пікірін білдірді. Қатаң бақылау болса, 10 жылға жалға беруге болады деп есептейді. 

Ерлан Нысанбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

Әр үш жыл сайын топырақтың құнарлылығын тексеретін сараптама жасауды ұсынғалы отырмыз. Содан соң комиссия оны әрі қарай қалдыру туралы шешім шығарады. Онда қанша ақша құйды, қанша жұмыс орынын құрды, жердің ахуалы, өндіріс жаңа технологиямен жұмыс істейді ме деген сияқты критерийлер ескеріледі.