$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ашумен анасын өлтірген адам 8 жылға сотталды

AstanaTV
07.02.2022ж. 20:00
1380
Ашумен анасын өлтірген адам 8 жылға сотталды

Ақтөбеде туған анасын ұрып өлтірген, баласына сот үкім кесті. Тергеу материалдарында көрсетілгендей, 57 жастағы ер адам, қарт анасымен бірге тұрған. Олар кешкі ас кезінде жанжалдасып қалыпты. Сот процесі кезінде сотталушының айтуынша, алдына қойған тамақты анасы түкіріп тастап, жеуден бас тартқан. Сол үшін ол 84 жастағы қарияны бетінен, басынан, кеудесінен ұрғанын айтқан. Соққыны көтере алмаған зейнеткер көп ұзамай көз жұмыпты.

Анар АЙТЖАНОВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Ақтөбе қаласының №2 сотында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққандығы үшін айыпталған Урудияға қатысты қылмыстық іс қаралады. Сот Уридияны қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот үкімі күшіне енген жоқ.

Г. Сейтенова