$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Атыраулық тұрғын сәбиінің өліміне балалар ауруханасының дәрігерлерін кінәлайды

AstanaTV
07.02.2022ж. 20:00
1458
Атыраулық тұрғын сәбиінің өліміне балалар ауруханасының дәрігерлерін кінәлайды

Атыраудағы балалар ауруханасында бір айда 4 сәби ажал құшты.  Қайғыдан қан жұтқан ата-аналар өмірге келмей жатып, көз жұмған перзенттерінің өліміне  дәрігерлер кінәлі,- дейді. Айтуларынша, олар  тиісті жедел ем жасаудың орнына біріне-бірі сілтеп, немқұрайлылық танытқан.  Ал бұған ақ халаттылар не дейді? Тараптарды тыңдаған тілшіміз Базаргүл Нәдірқызының бейнематериалы.

Қанат Жұмаділов қаңтардың 3-і күні 2 жасар қызы Айшаны оң аяғындағы 6 пайыз күйікпен  ауруханаға әкеліпті. Жарақат бөліміне түскен бөбектің көңіл-күйі алғашқыда жақсы болған. Алайда 3 күннен соң   оны «пневмония» деген диагнозбен жан сақтау бөліміне алып кетіпті.   Кейін  дәрігерлер диагнозды сан түрлі өзгерткен көрінеді.  "Күйікпен барған баламды ақыр соңында «миға қан құйылған» деген диагнозбен қайтыс болды деп хабарлады. - дейді Қанат.

Қанат ЖҰМАДІЛОВ, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Қызыма 1 күнде 8 системадан салып жатқан. Менің қызым бұлардың системаларын, дәрі дәрмектерін көтере алмай анафилактический шоққа түсіп, бұл кісілер сол анафилактический шок пен пневмония бөліміне апарып, қайта қайта ұйықтата беретін дәрілерін салған. Менің қызым өлетін қыз емес еді. Осы кісілердің кесірінен осындай жағдайға түсті. Менің қызымның көретін ұсқыны жоқ. Бас деген мынадай, денесінің бәрі көкпеңбек.

Ал  1 жарым жасарлық Ділдәнің туыстары, ауруханалар бір-біріне сілтеп, дер кезінде көмек бермеді деп,  өкініштен өзектері өртенеді. Алдымен өздері бекітілген  жеке клиниканың жедел жәрдеміне жүгінген, бірақ ол  уақытында келмеген.  Балалар ауруханасына барса, дәрігерлер демікпемен барған балаға «ларингит» деген диагноз қойып, тамағын шайыңдар,- деп кеңес беріп, үйіне қайтарыпты.  Кейін жағдайы нашарлағанда ғана бір-ақ қабылдағанын айтады.  Ем дұрыс болмай, қос бауыры істен шықты,- деп зар еңірейді Ділдәның апасы.

Дәрігүл БАХТИЯРОВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

8 шыққан біздер госпитализация 12 жарымда жатқыздық.  Бұл масқара емес пе? тез істеудің орнына бұлардың істеп отырғаны мынау. Келсек, Ержан Өміржанович бір түннің ішінде екі почкасы жұмыс жасамайды. Дәреті жүрмеді. Ержан не істедің. Не затты көп құйып жібердің соншама?-дедім. Врачтар  ұйықтап қалған, бала қараусыз қалған.

Екі жарым жасар Абайдың ата-анасы да учаскелік дәрігердің еміне алданып, уақыт жоғалттық,- деп өкінеді.  Бауыр еті баласынан айырылғанына сене алмай жүрген ата-аналар  бүгін ауруханаға келді. Олар ақ халаттылардың салғырттығы мен медицинадағы маман жетіспеушілігі перзенттеріміздің түбіне жетті,- дейді.  Алайда аурухана басшылығы науқастарға тиісті ем жасалғанын айтады.  Қолдан келгенше көмек көрсетілді дейді.

Нұрғабыл АЙТМҰХАМБЕТОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

3 жағдайда да облыстық балалар ауруханасы деңгейінде, қандай деңгей көрсетілуі керек. Ол көмек көрсетілді.


Жанар САДУОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Комиссия құрылды. Алдын-ала талдау жасалды. Онда бір жағдайда Интертейч киникасында кеткен кемшіліктер байқалды.  Келесі жағдайда аумбулаториялық деңгейде бақылаудың жетіспеушілігі көрінді. Комиссия қорытындысынан соң нақты белгілі болады. Ата-аналардың құзырлы органдарға шағым жазуға құқы бар.


Қайғыдан қан жұтқан ата-аналар құқық қорғау органдарына да шағымданған. Жарық дүниенің қызығын көрмей жатып, көз жұмған сәбиіміздің өліміне кінәлілер қатаң жазалансын,-дейді. Айта кетейік, осы балалар ауруханасында 2020 жылы 36 бала қайтыс болса, былтыр 48 бала шетінеген.

Б. Надірқызы