Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

31 мыңнан астам адам қаржы пирамидасының қақпанына түсті

AstanaTV
07.02.2022ж. 20:00
1122
31 мыңнан астам адам қаржы пирамидасының қақпанына түсті

Елімізде  31 мыңнан астам  адам қаржы пирамидаларының қақпанына түсіп,  тақырға отырған.  Шығын көлемі  54 миллиард теңгеден асады.  Ішкі істер орган өкілдерінің айтуынша, алаяқтар  нарық пен маркетингтің әліпбиін мықты меңгерген. Әлеуметтік желінің әлеуетін де ұтымды пайдаланып отыр дейді.  Алаяқтыққа қатысты былтыр 213 іс  сотқа жолданған. Нәтижесінде 180-нен астам қаржылық инвестициялық компания мен фирманың қызметі тоқтатылды. Қылмыстық жауапкершілікке 126 адам тартылды, оның 38-і сотталған. Ал қалғандарына қатысты сот талқылауы әлі жүріп жатыр.   Негізі қаржы пирамидасымен айналысатындар діттеген мақсатына жеткесін ел асып кететін көрінеді.Сондықтан құқық қорғау органдары халықаралық ұйымдармен де тығыз жұмыс істеліп жатқанын мәлімдеді.  

Санжар ӘДІЛОВ, ҚР ІІМ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Біз қаржы мониторингі агенттігімен тығыз жұмыс істейміз. Ақпарат алмасамыз, заңсыз табыс тауып отырған мекемелерді анықтаймыз. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде 75-тен астам компанияны жоюға қол жеткіздік. Біз халықаралық байланыс арқылы күдіктілердің тұрған жерін белгіледік, олардың активтері мен шетелдегі шоттарының,  жылжымалы және жылжымайтын мүлкінің бар-жоғын тексердік.


Т.Әлжанов