Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Коронавирус адамды қартайтады ма?

AstanaTV
07.02.2022ж. 20:00
1296
Коронавирус адамды қартайтады ма?

Коронавируспен ауырған адам он күнде, он жылға қартаяды. Мұны ресейлік биолог Максим СкулачЕв мәлімдеді. Ол коронавирус адамның биологиялық жасына қалай әсер ететінін, аурудың ағзаға тигізер залалын азайтуға бола ма деген сауалдарға жауап берді. Ал, эпидемиолог маман Лена Қасабекова болса, мұнымен мүлдем келіспейді. Оның айтуынша, індеттің пайда болғанына 2 жыл ғана болды, оған әлі ешкім ғылыми зерттеу жасамады. Ал, 10 жылға ағза бірден қартаяды деу ақылға қонымсыз деп отыр.

Лена ҚАСАБЕКОВА, ЭПИДЕМИОЛОГ:


Коронавирустық инфекциямен ауырған адамдарда болатын ұзақмерзімді асқынулар туралы айту әлі ерте. Ондай тұжырым жасау үшін және ол дәлелденген болу керек қой. Ғылыми түрде тұжырымдар  жасау үшін, бұл зерттеулерді бірнеше жыл жүргізу керек.


Коронавирус жұқтыру дерегі бойынша, Нұр-Сұлтанда антирекорд орнады. Қаңтардың басынан бері елордада 83 мың 067 жағдай тіркелді. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова айтты. Елдегі жағдай бойынша өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Қазіргі таңда жасыл аймақта: Шымкент қаласы, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары орналасқан. «Сары» аймақта - Жамбыл облысы болса, қалған өңірлер әлі де "Қызыл аймақта" тұр.

Ә. Дүкембаева