Алматылық келіншек босанған қызының «ұл» емес екенін айлар бойы дәлелдей алмадым дейді. Себебі, сәбидің құжатын перзентханадағылар дұрыс толтырмаған. Соған байланысты баланың туу туралы куәлігі де қате жазылған. Ал оны түзету үшін біраз жердің табалдырығын тоздырғанын айтады. Мәселені "Нұр Отан" партиясының көмегімен ғана шешкен.
Мақпал НҰРЛАН, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Біздің хабарласпаған жеріміз қалған жоқ. Үшінші роддом, денсаулық сақтау басқармасы, Алматы қалылық әкімдік. Нұр отанға хабарластық осы кісілер 10 күн ішінде бітіріп берді жұмысымызды.
Әбілқадыр ӘБІЛҚАЙЫРОВ, АЛМАТЫ қ. «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ФИЛИАЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
"Нұр Отан" партиясы Алматы қ. филиалы қалалық мәслихат депутаты Әсия Айқанқызымен бірлесіп, ҚР Денсаулық Сақтау Министрлігінің ақпараттық базасына қателікті түзеу бойынша жұмыстарды атқарды. Партияға хабарласқалы, 10 күн ішінде өздеріңіз көріп тұрғандай бүгін туу туралы куәлікті қыздың анасы қолына алып отыр.
Ә. Лесбек