Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Елорданың төріндегі биік ғимарат жермен-жексен болды

AstanaTV
09.02.2022ж. 20:00
1466
Елорданың төріндегі биік ғимарат жермен-жексен болды

Елорда төрінде орналасқан көпқабатты ғимарат жермен-жексен болды.  Нысанның  құлаған видеосы әлеуметтік желіде тарады. "Astana"әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының хабарлауынша, құрылысты салу кезінде  ереже бұзылған, жұмыс бірнеше жыл тоқтап қалған. Сол себепті ғимарат қолданысқа жарамсыз деп танылып, оны бұзу туралы шешім қабылданған. Маманның мәліметінше, құлаған ғимараттың орнына бизнес орталығы, қонақ үй және мейрамхана секілді жаңа  нысандар салынбақ.

Айгерім АҚШОЛАҚОВА, "ASTANA"ӘКК" АҚ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
 
Айта кету керек, жоба толығымен инвестор есебінен қаржыландырылады. Яғни, ескі ғимаратты бұзу, жаңа көпфункционалды орталық салу бойынша барлық шығынды инвестор көтереді. Бұл дегеніміз, жергілікті бюджеттен бұл жобаға ақша бөлінді деген сөз.

Д. Жарқынбек