Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Ақтауда көлік жүргізушісі 5 жастағы баланы қағып кетті

AstanaTV
11.02.2022ж. 20:00
1995
Ақтауда көлік жүргізушісі 5 жастағы баланы қағып кетті

Ақтауда көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағында кетіп бара жатқан бала мен оның анасын қағып кетті. Жантүршігерлік бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Полиция дерегінше, көлік рөлінде әйел  адам болған.  Жүргізуші беріліс қорабын ауыстыру комбинациясын шатастырып алған көрінеді. Салдарынан көлік артқа жүріп, ана мен баланы мерт қыла жаздаған.

Айгерім ИБАТУЛЛАЕВА, ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ КОММУНИКАЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Ақтау қаласы ПБ 102 кезекші пультіне "Дукат" ТК алдындағы жол-көлік оқиғасы туралы шақыру түсті. Chevrolet Aveo автокөлігінің жүргізушісі тротуарда 5 жасар бала мен әйелді қағып кетті.  Анасы мен баласы Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде.


Б. Сатуов