Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 130 курсант жараланды

AstanaTV
11.02.2022ж. 20:00
1594
Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 130 курсант жараланды

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде әскери оқу орындарының 130 курсанты жараланды. Барлығына дер кезінде медициналық көмек көрсетілген. Дегенмен, екеуі әлі ауруханада ем алуда. Курсанттар алғашында Алматының Орталық алаңын қоршауға тартылыпты. Бейбіт митинг тәртіпсіздікке ұласқан кезде курсанттарды тұрақты орналастыру пункттеріне қайтарған. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше,  әскери оқу орындары курсанттары мен Қарулы Күштердің әскери қызметшілері арасында қаза тапқандар жоқ. Жауапты және тәуекелді міндеттерді орындау келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен жасақталған бөлімшелерге жүктеледі. Министрліктегілер әскери ант қабылдаған әскери қызметкерлер мен әскери оқу орындарының курсанттары еліміздің егемендігін қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты міндеттерге тартыла алады дейді.

Т. Әлжанов